Мектептегі ақысыз үйірмелер (немесе тегін қосымша білім беру үйірмелері) -оқушылардың сабақтан тыс уақытында өз қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға арналған қосымша білім беру түрі. Оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық қабілеттерін дамыту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қоғамдық белсенділігін арттыру, болашақ мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында мектепте 17 үйірме жұмыс жасайды.
Төмендегідей үйірмелерге мектеп оқушыларының 89,62 % қамтылған:
«Ғажайып физика», «Занимательная грамматика», «Логика әлемі», «Көркем жазу», «Жаңа замандағы Қазақстан», «Шебер қолдар», «Сөз мергені», «Ғажайып математика», Елтану, «Қызықты математика әлемі», «English language development club», «Қызықты биология», Рython тілінде программалау», «Баскетбол», «Шахмат», «Футбол».
Үйірмелер мектептің оқу жоспарына қосымша ретінде іске асырылады. Оларды пән мұғалімдері жүргізеді. Аптасына 1 рет, әрқайсысы 45 минут көлемінде өткізіледі. Үйірмелер барлық оқушылар үшін тегін (ақысыз).
Үйірме құжаттары
- 2023-2024 оқу жылы мектеп ішілік ақысыз үйірмелердің сабақ кестесі
- 2024-2025 оқу жылы мектеп ішілік ақысыз үйірмелердің сабақ кестесі
- 2025-2026 оқу жылы мектеп ішілік ақысыз үйірмелердің сабақ кестесі
- 2023-2024 оқу жылында үйірме сабақтарға қатысатын оқушылар тізімі
- 2024-2025 оқу жылында үйірме сабақтарға қатысатын оқушылар тізімі
- 2025-2026 оқу жылында үйірме сабақтарға қатысатын оқушылар тізімі
- Үйірме жұмыстарының бұйрықтары
- Үйірме жұмысының талдауы