Түркістан облысы,Сарыағаш ауданы «№51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

     «Қызыл Сарқырама» елді мекеніндегі алғашқы мектеп ғимараты 1989 жылдан бастауыш,1993 жылдан  он жылдық мектепке айналып П.Марозов атымен аталып келді. 1993 жылы бұл білім ордасына Сарыағаш аудандық кеңесінің шешімімен  қазақ халқының біртуар перзенті,қоғам қайраткері  Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.
            Ұлы тұлғаның туған күні 26 желтоқсан  осы күні жылда мектеп күні аталып өтіп, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Өткен оқу жылында Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың 130 жылдық мерей тойын тойлау мақсатында «Ұлықтауға лайық- Ұлы тұлға» тақырыбында кең көлемде аудандық  семинар ұйымдастырып өткізілді. Мектебімізді қазіргі таңда бар еңбегін аямай, баланың сапалы білім алуы мен тәрбиелі тәртібін  қадағалап, ел ертеңі үшін  саналы  ұрпақ өсіруде жан жақты іс-шаралардың өтуіне ықпал етіп жүрген мектеп басшысы Г.Джилбаева  қонақтарды жылы лебізбен күтіп алып ,семинардың  жоғары дәрежеде өтуіне ұйытқы болды.Ұжымды  жұдырықтай жұмылдырып бірлескен түрде  белсене қатысуын қамтамасыз етті.

         Мектеп білімді оқушылардың қабілеттерін дамытуға,тәрбие мен білімін тең қалыптастыруға көмектесетін ,біліктілігі мен дағдысын дамытуға,адами құндылығы жоғары,сын тұрғысынан ойлай білетін,шығармашыл және рухани дамыған тұлға  тәрбиелеуге бағытталған.
  Мектептің материалдық базасы.  Мектепте сапалы білім алу үшін ,барлық мүмкіндіктер жасалған. 25 оқу кабинеттері бар.Олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық сұранысқа сай. Оқушылардың пән бойынша терең және жан-жақты білім алу үшін , ұлдарға,қыздарға арналған 2 еңбек кабинеті,алғашқы әскери дайындық кабинеті,1 информатика,1 компьютер кабинеттері бар,  интернет желісіне қосылған және спорт зал 180 м2 бар. 40 оқушының тамақтануына арналған
45 м3 асхана ,36м2 кітапхана бар. Заманауи жабдықта физика,химия кабинеттерімен бірге қазақ тілі,ағылшын тілі,тарих ,математика пәні кабинеттері бар.Бастауыш сынып кабинеттері де талапқа сай безендірілген.Мектептің бірінші қабатында  оқушыларға жедел көмек беретін мед. кабинет  бар. Лицензия нөмірі 23011745. 24.05.2025 жылы берілген.
Мұғалімдердің жетістіктері
2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша аудандық, облыстық, түрлі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға 16 мұғалім қатысты.
Оның ішінде пәндік олимпиадалар, конкурстар, жарыстарда 9 мұғалім жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, аудандық кезең жеңімпаздар саны – 16, ал облыстық кезең жеңімпаздар саны – 6, облыс көлемінде
Алғыс хатпен марапатталған мұғалімдер саны — 9.

  1. «Білім алушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің ролі» тақырыбында өткізілген облыстық семинарда Джилбаева Гаухар апаймыз «Мадақтамамен» марапатталды.
  2. Алшоразова Асель апайымыз аудан көлемінде «Білім сапасын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер» атты TEDx форматында өткен байқауда III-орын алып, «Құрмет грамотасы» мен марапатталды.
  3. Аудан көлемінде кәсіби біліктілігі мен шығармашылығын танытып білім беру жүйесіне қосқан өлшеусіз ерен еңбегі үшін тарих пәні мұғалімі Бегимбетова Айжан апайымыз «Құрмет грамотасы» мен марапатталды.
  4. Аудан көлемінде кәсіби біліктілігі мен шығармашылығын танытып білім беру жүйесіне қосқан өлшеусіз ерен еңбегі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қаратаева Дильфуза апайымыз «Құрмет грамотасы» мен марапатталды.
  5. Мұғалімдер күні мерекесіне орай жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие берудегі жемісті еңбегі үшін Байзакова Акима апаймыз «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
  6. Республикалық білім порталы атынан «Білім беру үздігі» төсбелгісімен Сенкебаева Гулнар апайымыз марапатталды.
  7. Аудан көлемінде «SMART САБАҚ-2023» байқауында үздік сабақ жоспарынан II-орын алып, «Құрмет грамотасы» мен Асылова марапатталды.
  8. «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен Алшоразова Асель апайымыз марапатталды.
  9. Сарыағаш ауданының білім бөлімінің басшысының «Біз бір-бірімізге керекпіз!» атты тақырыбындағы декадаға қатысып өз тәжірибесімен бөліскені үшін Сенкебаева Гулнар апайымыз «Алғыс хатпен» марапатталды.
  10. «Жаңашыл педагог2024» облыстық байқауының аудандық кезеңінде І-орын, облыстық кезеінен ІІІ-орын үшін тарих пәні мұғалімі Бегімбетова Айжан апайымыз марапатталды.

2023-2024 оқужылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңнің жүлдегерін дайындап, жоғары жетістіктерге жеткені үшін Ембердиева Гулсара апайымызбен Каримбердиева Набира апайымыз Сарыағаш ауданының білім бөлімінің басшысының алғыс хатымен марапатталды.
2024-2025 оқу жылы

  1. «Білім алушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің ролі» тақырыбанда өткізілген облыстық тәжрибелік семинарда озық идеялары және инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөліскені үшін Джилбаева Гаухар Кураловна марапатталды
  2. «Жаңашыл педагог2024» облыстық байқауының аудандық кезеңінде І-орын, облыстық кезеінен ІІІ-орын үшін тарих пәні мұғалімі Бегімбетова Айжан апайымыз марапатталды.
  3. 2023-2024 оқужылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңнің жүлдегерін дайындап, жоғары жетістіктерге жеткені үшін Ембердиева Гулсара апайымызбен Каримбердиева Набира апайымыз Сарыағаш ауданының білім бөлімінің басшысының алғыс хатымен марапатталды.
  4. Сарыағаш ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мекемелерге пәндердің оқытылуын жақсарту, жаңашылдықпен жұмыс істейтін шығармашыл педагогтардың озық тәжірибелерін анықтап аудан көлемінде:
  5. Бегимбетова Айжан апайымыз «Тарих сабағында оқушылардың танымдық-зерттеушілік белсенділіктерін арттыру» тақырыбында
  6. Каримбердиева Набира апайымыз «Эффективные формы и методы подготовки школьников к научно-исследовательским проектам» тақырыбында озат тәжірибелері таратылды
  7. Пән мұғалімдер арасында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының аудандық кезеңінде II-орын алғаны үшін Алшоразова Асель марапатталды.
  8. Пән мұғалімдері арасында «Цифрлы педагог-2024» облыстық байқауының аудандық кезеңінде үздік сабақ жоспарымен Мыңбаева Айнұр ІІ орынмен марапатталды.
  9. «Дарынды балаларға -талантты ұстаз» атты аудандық байқауына қазақ тілі пәні мұғалімі Байзакова Акима апаймен еңбек пәні мұғалімі Мұсабаева Ақмарал апайымыз қатысып аудан көлемінде Мұсабаева Ақмарал апайымыз ІІ орынмен марапатталды
  10. Жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдерге арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде бастауыш сынып мұғалімі Шораева Куралай жүлделі ІІ орынға ие болды
  11. М. Тасова атындағы «Ең білімді педагог» атты республикалық олимпиада Эрдажанова Айнур Хикматуллаевна ІІ орын иеленді
  12. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ісденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін аудан көлемінде Асылова Гулсим Сериковна Құрмет грамотасы мен марапатталды.
  13. Педагогикалық қызметкерлердің аудандық тамыз конференциясының секциялық отырыстарына белсене қатысып, мазмұнды
  14. Қазақстан педагогикалық академиясы атынан Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» мұғалімдер байқауында Сенкебаева Гулнара жеңімпаз деп танылды.

2025-2026 оқу жылы

  1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен орыс тілі пәні мұғалімі Каримбердиева Набира Пулатовна марапатталды
  2. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Сарыағаш ауданының білім бөлімінің алғыс хатымен Сенкебаева Гулнара марапатталды
  3. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Сарыағаш ауданының білім бөлімінің алғыс хатымен Нартаева Меруерт марапатталды
  4. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Сарыағаш ауданының білім бөлімінің алғыс хатымен Турлыбекова Гульчехра марапатталды

    Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Асылова Гулсим «Құрмет грамотасы» мен марапатталды

Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы:
             Мектебімізде 33 педагог кадрлар жұмыс атқарады.

  • 33 мұғалімнің барлығы жоғары білімді ұстаздар. «Педагог-зертеуші – 14»,
  • Педагог – сарапшы – 6»,
  • Педагог – модератор – 5»,
  • Педагогтар – 8».